Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ АЙЛЫҚ ТАБЫСЫ АСТАНАЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНЕН ҮШ ЕСЕ АЗ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ АЙЛЫҚ ТАБЫСЫ АСТАНАЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНЕН ҮШ ЕСЕ АЗ


    Жұмысшылардың белгілі кәсіптері және қызметкерлердің лауазымдары бойынша орташа айлық жалақының көлемі туралы ақпаратты алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті экономикалық қызметтің жеке түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға бір жолғы зерттеу жүргізеді, деп жазады Министрліктің ресми интернет порталы.
    Зерттеуге қыркүйек айында толық жұмыс істеген қызметкерлер кіреді. Зерттеу Қазақстан Республикасы Мемстандартының 1999 жылғы 16 қазандағы №22 қаулысымен бекітілген қызметтердің Мемлекеттік Жіктеуішіне сәйкес жүзеге өткізілді.
    Зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық қызмет түрлерінде еңбекақы төлеуі қызметкерлердің кәсіптер топтары арасында жіктелуі сақталады. Басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 2,0 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,6 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,4 есеге көп.
    Ең жоғарғы жалақы әуе көлігі саласында жұмыспен қамтылған барлық деңгейдегі ұйымдардың басшыларында – 943,5 мың теңге тіркелді, бұл құрылыс саласындағы барлық деңгейдегі басшылардың орташа алатын жалақысынан 2,3 есе және мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы барлық деңгейдегі басшылардың орташа алатын жалақысынан – 7,1 есе жоғары. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы біліктілігі жоғары және орта мамандарында жоғары жалақы – 596,9  мың. теңге, және 513,4  мың теңге алғанын атап өткен жөн.
    Экономикалық қызмет түрлері және қызметкерлердің кәсіптері бөлінісінде еңбекақы төлеуі айтарлықтай айырмашылық сақтауда. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру кәсіпорындарында жоғары ақы төленетін техникалық қадағалау жөніндегі инженерде (754 мың теңге), бұрғылау жөніндегі инженерде (бұрғылау жұмыстары) (854 мың теңге) және ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженерде болды (1 844 мың теңге).
    Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақы құрылыстағы менеджерлерде (381 мың теңге), біліктілігі бар мамандардан – инженерлер (357 мың теңге) алды.
    Ауыл шаруашылығы саласында біліктілігі бар мамандар арасынан ең жоғары жалақыны ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинистері (208 мың теңге), тракторшылар (191 мың теңге), ал төменгі жалақыны – теңіз аймағының балықшылары мен қырықтықшылар және фермерлер 31 – 35 мың теңге шамасында алды.
    Негізгі кәсіптер және лауазымдар топтары бойынша әйелдердің орташа жалақысы еркектердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымдардың барлық деңгейдегі басшылар лауазымында жұмыс істейтін еркектердің орташа жалақысы 575 мың теңге, аудармашыда –312 мың теңге, экономистта – 238 мың тенге, есепшіде – 186 мың теңге болды. Бұл 1,2 – 2,0 есе әйелдердің орташа жалақысынан жоғары.
    Кәсіптер (лауазымдар) және қызметтер топтамалары бойынша жалақының саралануы өңірлік бөліністе де белгіленеді.
    2017 жылғы қыркүйекте экономикалық қызмет түрлерін байқауының айналымы бойынша Астана қ. және Алматы қ. ұйымдардың басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 926 мың теңге және 888 мың теңгені тиісінше құрды. Ең аз төленетін қызмет Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, және Қызылорда облыстарында болды, мұнда басшылар 251 мың теңгеден 282 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 3,7 есені құрады.
    Экономистің жоғары жалақысы Атырау және Маңғыстау облысында байқалды, тиісінше 389 мың теңге және 313 мың теңге, ал төменгі - Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 105 - 113 мың теңге. Дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейінде айырмашылық бар, Астана қ. - 205 мың теңге, ал Оңтүстік Қазақстан облысында - 130 мың теңге.
    Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің орташа жалақысы 137 мың теңге болды, ал оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 2,7 есе, ал орта білім беру жүйесінде және бастауыш мектепте оқытушыларында - 114 мың теңге және 1,6 есе тиісінше, тәрбиелеушіде – 78 мың теңге және 1,5 есені құрады.

01 ақпан 2018 ж. 661 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области