3 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар
1915 жылы Түркияда бірінші қағаз ақша шықты.
1928 жылы сатылымға алғашқы теледидарлар шықты. Олардың бағасы 75 долларды құрады.
1995 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануын мәңгі есте қалдыру, қоғамды топтастыру, гуманизм, ұлтаралық татулық, қазақстандық патриотизм тәрбиелеу идеяларын көркем бейнелеу мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.
2008 жылы Елорданың 10 жылғына орай «Қызылорда-Алматы-Астана» веложорығы ұйымдастырылды.

2007 жылы Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» Мемлекеттік бағдарламасына кірген жобалардың жалпыұлттық тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге 9 өңір қатысты. Негізгі 7 бағыт бойынша 900 миллиардқа жуық теңгені құрайтын барлығы 20 серпінді жоба таныстырылды.
2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы төбесі жабық 30 мың орындық жаңа «Астана Арена» стадионының ашылу салтанатына қатысты.
Жабық стадион споршыларға қысы-жазы жаттығуларына мүмкіндік береді, ол УЕФА-ның барлық стандарттарына сай салынған.
Жасанды газон жамылғысы төселген футбол алаңы ФИФА мен УЕФА-ның стандарттарына толық сәйкес жасалған. Бұл стадионда футбол ойынынан бөлек спорттың күрес, бокс, спорттық гимнастика, дзюдо, каратэ сынды түрлерінен жарыстар өткізуге болады. Жаңа футбол стадионының ерекшелігі - 20 минуттың ішінде ашылып-жабылатын шатыры бар. Спутниктің және эфирлық антенналары бар теледидар желісімен, радиохабар эфирімен, отырыс залдары, баспасөз конференция залдары дыбыс күшейткіш және синхронды аудармасымен, таблосымен, телерадиокомментаторымен жабдықталған.
Көрермендердiң ыңғайы және сыйымдылығы үшін мiнбе екi деңгейде орналасқан: 16 мың көрермен - астыңғысында, 14 мың - үстіңгісінде, стадионның батысында VIP-орындар орналасқан. «Астана-Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем және Еуропа чемпионатының іріктеу матчтары, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі ойындар өтті.