Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » GOOGLE РЕЙСТЕРДІҢ КЕШІГУІН АЛДЫН АЛА БОЛЖАУДЫ ҮЙРЕНДІ

GOOGLE РЕЙСТЕРДІҢ КЕШІГУІН АЛДЫН АЛА БОЛЖАУДЫ ҮЙРЕНДІ


    Google Flights қызметінің көмегімен рейстің кешігуі туралы ақпаратты біле аласыз. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
    «GoogleFlights» бағдарламасында жасанды интеллект бар. Ол әуе кемесінен тікелей ақпарат алады, кестеден барлық ауытқуды талдайды және жалпы кешігу ықтималдығын анықтайды. Бұл қызметтің негізгі мақсаты - әуе компанияларының ресми ақпаратына дейін болжамды мәлімет беру.
    «Ұшақтың кешігуі туралы ақпарат, болжамның 80%-на сенімді болған жағдайда ғана көрсетіледі. Дегенмен, біз жолаушыларға әуежайға алдын ала баруды ұсынамыз. Бірақ бұл ақпарат «тосын сыйларға» жол бермейді деп үміттенеміз», - дейді компания өкілі.
    Қызметті пайдалану үшін, алдымен, өз рейсіңізді іздеуіңіз керек. Рейстің кешігуі туралы ақпарат іздеу нәтижелерінің жанында пайда болады.
    Baq.kz

02 ақпан 2018 ж. 549 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области