Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрілік заттарға күн сайын мониторинг жүргізіледі

Дәрілік заттарға күн сайын мониторинг жүргізіледі

Kyzylorda-news.kz. Өңірде фармацевтикалық қызметпен 328 дәріхана және дәріханалық пункт айналысады. Оның, 178-і қалада орналасқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Байменова мәлімдеді.
«Соңғы екі аптаның ішінде халық тарапынан ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы антибактериалды,иммуномодуляциялық препараттарға сұраныс артуда. Әсіресе, Цефазолин, Цефтриаксон секілді тек дәрігердің рецептісімен берілетін дәрілер. Әр дәрілік заттың шектеулі жарамдылық мерзімі бар. Оған қоса, дәрігердің тағайындаусыз антибиотик , инъекциялық дәрілік заттарды сатып алуға болмайды», - деді Ғалия Әбсадыққызы.
Бұдан бөлек, дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда дәріхана маманы емделушіге дәрілердің аналогтарын ұсынады. Мысалы, « Парацетамол 500 мг таблетка» дәрілік затын «Эффералган», « Панадол» дәрілерімен ауыстыруға болады.
«Қазіргі таңда 6191 дәрілік заттың атауына бөлшек және көтерме сауда үшін шекті баға бекітілді. Бұл дегеніміз, баға шегі анықталады, одан әрі жоғары бағада сата алмайды. Яғни, дәрінің жарты жыл ішінде бағамы да,сату маусымдылығы да әсер етпейді», - деді сала басшысы.
Айта кетейік, дәрілік заттардың шекті бағасын Dari.kz мобильді қосымшасынан білуге болады.
Сонымен қатар, мониторингтік топ күн сайын тұрғындардың сұранысына ие дәрілерді қай дәріханада бар екені жөнінде ақпарат береді. Ақпаратты департаменттің «Сапа қауіпсіздік бақылау» фейсбук парақшасынан жариялайтын болады.
08 шілде 2020 ж. 294 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области