Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл

Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл

Kyzylorda-news.kz.Биыл Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан халқы ассамблеясы – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы. Бүгінге дейін ол ұйым көптеген игі істердің бастамашысы да бола білген. Қазақстан бірлігінің моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарған ассембляның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай 2019 жылдың 28 қарашасында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолы мен халықтық экспедициясы» жобасының тұсауы кесілді. Бұл жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған жұмыстарын қоғамда кеңінен насихаттауға бағытталған.
«Шынында да 2020 жыл – біздің мемлекет үшін өте айрықша жыл. Биыл Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы. Осы ассемблеяның құрылуында ең басты рөлді ойнаған біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз. Осы ширек ғасырдың ішінде қиын да, күрделі жолдардан өттік. Ең бастысы тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде бүкіл елімізде өмір сүріп жатқан барлық этнос «Біртұтас Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз» деген ұранмен бірігіп, келесі жылғы – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына үлкен қадаммен келіп отыр», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев «Хабар» арнасында «Qoǵamdyq talqylaý» бағдарламасында.
Жалпы Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына орай толымды ойлар мен «Тұңғыш Президент жолы мен халықты экспедициясы» жобасы туралы мәліметтерді бағдарламаның толық нұсқасынан білуге болады. Қазақстан халқы ассамблеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған. Ұйымның негізгі міндеті - мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекет және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру. Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет айтқан болатын. Үш жылдан соң, яғни 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Оның мәртебесін алғашында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен еді. Өз тарихында ассамблея аталған мәртебеден мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.
2007 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді, бұдан кейінгі жылдардан бастап Қазақстан халқы ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді. Соның нәтижесінде ассамблея ҚР Парламенті Мәжілісіне мемлекетқұрушы ұлт қазақтың өзін қосқанда тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
Ал 2008 жылдың 20 қаңтарында еліміздің Президенті «Қазақстан халқы ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Басында тек руханият, тіл және мәдениет саласындағы іс-шаралармен ғана шектеліп қалуға тиіс ассамблея қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалып, саяси өмірге де араласуға бет алды.
08 шілде 2020 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области