Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 13 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар

13 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні

1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды. Білім беру мекемелері - Алматыдағы ҰҚК академиясы және ҚР ҰҚК әскери институты. ҰҚК академиясының түлектері міндетті түрде шетел тілдерін меңгеріп, заңгер және шұғыл әрекет етуші мамандығын алып шығады.

1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы жарық көріп, сәулетші Шота Уәлиханов басқаратын авторлар тобы әзірлеген жоба мақұлданды.

2001 жылы Алматыда Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдігі тіркелді.
13 шілде 2020 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области