Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ажаркүл Алдажарова: Ауыр күндер артта қалсын

Ажаркүл Алдажарова: Ауыр күндер артта қалсын

Kyzylorda-news.kz. Ажал айтып келмейтіні баршаға аян. Дегенмен соңғы уақытта елде қайтыс болған жандардың қатары жиілеп, қайғыдан қабырғасы қайысқан отбасылардың саны артып кетті. Тіпті бір шаңырақтың бірнеше адамы көз жұмғанын естіп, жүрегіміз езілді. Алайда қолдан келер шара жоқ. Жақын-жуығынан айырылып, қайғы-мұңның ащы дәмін татқан ағайынға басу айтудан басқа амал бар ма?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлт азаттық аза тұту күні етіп жариялады. Бүкіл халық болып, коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алдық. Оларға деген құрмет, сағыныш бұнымен басылмайды. Алла алдарынан жарылқап, пейіштің төрінен орын бұйырғай.
Әр отбасына көңіл хошын білдіре отырып, ардақты жандардың артында қалған ұрпақтарын сабырға шақырамын. Ендігі жерде шаңырақтарыңызда тек қуаныш болсын!
Бүкіл әлем халқы осы індетпен күресуде. Біздің елде де сауықтыру шаралары атқарылуда. Бұл күндердің де артта қалып, мамыражай мезгілдің туарына сенейік. Көп болып күресе білейік, бір-бірімізге қолдау танытып, өзіміздің және өзге жандардың денсаулығы, амандығы үшін бекітілген ережелерді қатаң ұстануға шақырамын.

Ажаркүл АЛДАЖАРОВА,
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері,
Қазалы ауданының Құрметті азаматы
13 шілде 2020 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области