Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 16 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар

16 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1996 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қорының VIII бабына қосылды. Ол бойынша қордың келісімінсіз халықаралық операциялар бойынша төлемдер мен аударымдарға шектеу қоюға тыйым салынды.
1999 жылы Боливияның астанасы Ла-Пас қаласында ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майор Астана қаласына «Қалалар бейбітшілік үшін» халықаралық конкурсы жеңімпазының медалі мен сертификатын табыс етті. Осы күннен бастап Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.
2001 жылы Еуразия ұлттық университетінде «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы құрылды.
2011 жылы Астана уақыты бойынша 05.16-да «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық «KazSat-2» байланыс және хабар тарату серігі сәтті ұшырылды.
2014 жылы көрнекті жазушы, қазақ тіліндегі тұңғыш романның авторы Жүсіпбек Аймауытовтың (1889-1930) жерленген жері белгілі болды. Павлодар облысы әкімдігінің сауалына Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Орталық мұрағатынан жауап келді. Онда Ж. Аймауытов Ваганьков зиратында (Мәскеу) жерленгені жайында айтылған. Мәскеуге Аймауытовтың туыстары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері барып, жазушының басына тағзым етіп, Құран оқытып қайтты.
16 шілде 2020 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области