Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кімдердің ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар?

Кімдердің ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар?

Kyzyzlorda-news.kz. Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірінші кезекте – инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек. Келесі санат – провизорлық стацион ардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда белгілі бір симптомдар болады және диагноз қою керек. Содан кейін ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен. Аталған топты тестілеу үшін қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасты. Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларға да жасалады» делінген қор хабарламасында.
Бұдан басқа, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер жатады. Қор жеткізушілердің алдында көрсетілген қызметтерге ақы төлеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындады.
Қызметтерді төлеу медициналық ақпараттық жүйелердің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тариф бойынша жүргізіледі.
20 шілде 2020 ж. 134 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области