Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 9 жасар қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды

Қызылордада 9 жасар қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 9 жасар қызға азғындық әрекетін жасаған бұзақы бірнеше күннен кейін қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 16 шілде күні болған. Белгісіз азамат 9 жастағы қыз балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
«Күдіктіні анықтау мақсатында облыстық полиция департаменті және Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан жедел тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, 26 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Ол кінәсін толығымен мойындады», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Департаменттің хабарлауынша, қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
21 шілде 2020 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области