Қызылордада тоғызқұмалақтан облыстық жекелей чемпионат өтті
Kyzylorda-news.kz. Iggamecenter.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында онлайн жүйеде жастар арасында Қызылорда облысының жекелей чемпионаты өтті.
Чемпионатта Қызылорда қаласы мен аудандардан 50-ден аса қатысушы рапид түрі бойынша өзара бақ сынасты.
Жарысты Қызылорда облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы, Тоғызқұмалақ Зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды.
Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында I орынды қызылордалық Бекзат Амир иеленді. Ал II орынды Сырдария ауданынан Нұрай қанжығасына байлады. Сайыста III орынды сырдариялық Әсем Дəуренбекқызы мен қызылордалық Ұлдана Маханбетамин иеленді.
Ал ұлдар арасында өткен сайыста I орын Сырдария ауданының ойыншысы Ерасыл Пернебайға бұйырды. II орынды жаңақорғандық Нұрсұлтан Нұрсейіт иеленді. Ал III орынан Қызылорда қаласының тоғызқұмалақшысы Ырыскелді Кенжебек пен сырдариялық Марлен Аманқос көрінді.
Жарыстың "Ең жас ойыншылары" номинациясына қызылордалықтар Аяна Ұлықбек пен Құлмұхаммед Қашқынбай ие болса, сырдариялық
Мөлдір Жандарбек пен қазалылық
Ақберен Бақытберген жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.