Қызылордада жаңадан құрылған Call орталығы жұмысы жасайды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал жайы және денсаулық саласына қатысты өзге сұрақтарға ақпарат алу үшін CALL орталығы жұмыс жасайды.Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов басқарманың ұйымдастыруымен Жастар Денсаулық Орталығы жанынан құрылған Call орталығының жұмысымен танысып, халықтың сұрағына келіп түскен әрбір қоңырау арқылы тұщымды жауап берумен қатар, мәселесінің шешілуіне көмектесіп, эпидемиологиялық ахуалға қатысты барлық ақпаратпен таныстыруды тапсырды.
Call орталық қамтылған 14 қызметкер 24/7 тәртібімен, яғни тәулік бойы халыққа қызмет көрсетеді.
Қызылорда облысы бойынша
Пікір қалдыру

























