Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шағын ауыл Шорнақта шу шықты

Шағын ауыл Шорнақта шу шықты

Kyzylorda-news.kz. Кешелі бері ел ішінде желдей ескен әңгіменің шын-өтірігін ажырату қиындау болғаны рас. Бірақ ресми ақпарат көздері арқылы ауыл тұрғындары арасында ұрыс-керіс шығып, төбелеске ұласқан. Полицияның дерегі бойынша елді мекендегі қазіргі жағдай тұрақты. Күдіктілер ұсталды. Тергеу жүруде. Дегенмен бұл оқиғаға саяси өң беріп, ұлтаралық араздық тудырғысы келетін арам пиғылдылар да табылып жатқанға ұқсайды. Осы ретте күллі әлем онсызда елең-алаң күй кешіп отқан сәтті, екеуара ұшқынды алаулатып, жалаулатып әкетудің соңы жақсылыққа апармайтыны анық. Сондықтан ата бабамыз мұрат еткен бейбіт күндердің әр сәтін бағалап, береке мен бірлігімізді уысымыздан шығарып алмайық дегім келеді. "Бірлігі бекем ел болайық." Ата-баба жолымен сөзге тоқтаған ел екендігімізді, тектілігімізді танытайық! Тентегін тезге салып, тәрбиеге тал бесіктен көңіл бөлген елдің тыныштығының болмашы нәрсенің салдарынан бұзылғанын қаламаймын. Індет дендеген уақытты естен шығармай, сын сағаттардан аман есен өтейік. Заманымыз бейбіт, өміріміз тыныш болсын.

Н.Оспанов,
Қызылорда облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының
Арал ауданы бойынша қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
24 шілде 2020 ж. 178 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области