Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «СӨЗ ҚҰНЫ» КЛУБЫ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БАСЫН ҚОСТЫ

«СӨЗ ҚҰНЫ» КЛУБЫ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БАСЫН ҚОСТЫ


Бұқаралық ақпарат құралдары арасында даулы дүниелер көп. Оның ішінде мемлекеттік мекемелермен ақпарат алмасу мәселелері, сот процесіндегі заңдылықтар, желіде желдей ескен жалған ақпараттар жайы көп арасында жиі айтылып жүр.
Осы тақырыптардың тиегін тарқатып, аймақтағы жетекші ақпарат құралдарының журналистері және Қызылорда қалалық сотының судьялары, облыстық сот, облыстық ішкі істер, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшылары облыстық соттың мәжіліс залында алғаш рет еркін форматта пікір алмасты. Ашық әңгіме алаңын ұйымдастырған «Сөз құны» журналистер клубы БАҚ саласындағы негізгі мәселелерді күн тәртібіне шығарып, оның оң жауап табуына өз ықпалын тигізді.
Дөңгелек үстелде Қызылорда қалалық сотының судьясы Камшат Садуақасова талқыға түскен тақырыптарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, сот жағдайында туындайтын түйткілдерді, күрмеуі қиын күрделі түйіндерді тарқатып айтып берді. Ал, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Олжас Әбдіхалықов ә дегеннен заңнан асып ештеңе жасалынбайтынын, барлығы да заң аясында болатынын басты назарға салды.
Дегенмен де журналистер тез ақпарат алу мүмкіндігін шектейтін заңдарға наразы екендерін де жасырмады. Ұтқыр ой, ұтымды пікір тоғысқан отырыстан жас журналистер де БАҚ туралы заңның қалтарыс-бұлтарыстары жөнінде мағлұмат ала білді. Бұл ретте құқық қорғау органдарының тілшілер тарапынан туындаған сұрақтарға кеңінен, ашық жауап беруі де сеп болды.
Баспасөз хатшылары мен тілшілер арасындағы тығыз қарым-қатынас мәліметтерге мейлінше тез арада қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы орайда құқық қорғау органдарының баспасөз хатшылары ақпараттарды жылдам алу және тарату тетіктерін қарастыратындарын айтты.
Бұдан бөлек, тілшілердің де уәждері тыңдалып, талқыланды. Өңірге белгілі журналистер Нұрлан Нұрмаханов, Айжан Абдуллаева, Болат Жұмабаевтар ақпарат алмасу барысында кездесетін кедергілерге тоқталып, осы тұрғыдағы кейбір заңнамаларды қайта қарау керектігіне ұсыныс білдірді.

«Kyzylorda-News»
21 тамыз 2018 ж. 520 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области