ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕГІ СЕМИНАР
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен департаментке қарасты мекемелердің бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты мамандарына арналған оқыту семинары өтті.
Осы салаға жауапты мамандарға облыстың Өңірлік коммуникация қызметінің бас маманы А.Қабақов, «Қызылорда» телеарнасының редакторы А.Байдүйсенова, «Әлімсақ» журналының бас редакторы Н.Көбегенұлы дәріс өткізді.
Семинарға мекеме бастықтары, мекеме бастықтарының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары және Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Г.Қайырбергенова, Төтенше Жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы А.Нұрманова да қатысты.
Семинарды департамент бастығы Ғ.Отарбаев ашып, құқық қорғау органдарының имиджін көтеруде, ашықтығын, шынайлығын қамтамасыз етуде бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болудың маңызы зор екенін атап өтті.
– Оқыту семинары БАҚ қызметкерлеріне Бұқаралық ақпарат құралдарымен коммуникациялық дағдыны қалыптастыруда және өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу мақсатында өткізіліп отырғандығын, осындай семинарды алдағы уақытта да өткізіп тұру қажет деп есептеймін деді, - департамент бастығы.
Келесі сөзді Қызылорда облысының өңірлік коммуникация қызметінің бас маманы А.Қабақов алып, баспасөз мәслихаты мен брифингті қандай мақсатта ұйымдастыратынын, не туралы айтылатыны, шамамен қанша адам қатысатыныны туралы толық мағұлмат берді. Ал «Қызылорда» телеарнасының редакторы А.Байдүйсенова баспасөз парағын және анонсты қалай құрастыру керек деген тақырыпты тарқатты.
Баспасөз парағы ақпараттық мақала ретінде құрылатынын жеткізді.
«Анонс – баспасөз парағына ұқсас, бірақ ол алда болатын оқиғаның немесе шара жайлы жазылады. Баспасөз парағы мен анонстың ерекшелігі мұнда байланыс телефондары, мекенжай көрсетіліп, қысқа жазылады, - деді телеарна тұрғысында қойылған сұрақтарға жауап берген баяндамашы.
Мұнан соң «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң шеңберінде ақпарат алмасу жолдары» тақырыбында БАҚ туралы Заңының баптары бойынша ресми хабарларды, міндетті хабарлар, сұрау салулар, теріске шығару не жауап беру құқығы, журналистердің міндеттері туралы толық мәлімет берді.
Баспасөз мамандары үшін ұйымдастырылған семинар осылайша тартымды өтті. Семинар соңы қатысушылар тарапынан БАҚ өкілдеріне сұрақтар қойылып, пікір алмасумен аяқталды.
Қызылорда облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің
баспасөз қызметі