Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада түнде жүрген балаларлың ата-аналарына тәртіптік шара көрілді

Қызылордада түнде жүрген балаларлың ата-аналарына тәртіптік шара көрілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Жуырда өткен рейд барысында беймезгіл уақытта жүрген 10-ға жуық жасөспірім анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 442-бабына сәйкес түсініктеме алынды.
Дегенмен, кейбір жасөспірімдердің ата-анасы қолхат жазудан, жауапкершілікті өзіне алудан бас тартты. Осыған байланысты оларға заң шеңберінде тәртіптік шара көрілетін болады.
Кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу және оны болдырмаудағы бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі мен міндеті орасан зор екенін ұмытпаған жөн.
Аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта тұрақты әрі жүйелі жүргізілетін болады.



27 шілде 2020 ж. 143 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области