Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Құрбан айт күндері мешіттер жабық болады

Құрбан айт күндері мешіттер жабық болады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің кезекті отырысында елімізде Құрбан айт мерекесі ағымдағы жылғы 31 шілде – 2 тамыз аралығында өтетіні белгілі болды.
ҚМДБ еліміздегі пандемиялық жағдайды басшылыққа алып, азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Құрбан айт күндерінің қалай өткізетінін пысықтады.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Н.Т. Өтпеновтің Құрбан айт рәсімін өткізуге қатысты арнайы Үндеуін жариялап, Құрбан айт намазы еліміздің барлық мешіттерінде оқылмайтынын атап өтті.
Республикалық «Зекет» қорының ұйымдастыруымен еліміз бойынша онлайн түрде құрбандық шалуға өтінімдерді қабылдайтын «Qurban2020.muftyat.kz» сайты әзірленді.
Осы жоба аясында құрбандық шалу шаралары қашықтан жүзеге асырылады. Ел азаматтары аталған сайт арқылы құрбандық шалуға онлайн режимде тапсырыс беріп, малдың бағасын Kaspi.kz банк арқылы онлайн түрде төлеу операциясын жүзеге асырады. Онлайн түрде құрбандық шалуға өтінім беретін жеке тұлғалардың анкетасы (аты-жөні, тегі) және малдың атауы мен оның бағасы (қой, ешкі, сиыр, түйе) туралы мәліметтер ұсынылады.
Осы жүйе арқылы құрбандыққа шалған малдың суреті мен бейне түсірілімін емін-еркін көріп, оны жүктеуіне толық мүмкіндігі бар.
Жоғарыда аталғандар негізінде аймақтағы барлық мешіт Құрбан айт күндері жабық болады. Сонымен бірге, құрбан шалу рәсімі онлайн түрде өткізіледі. Сондай-ақ, тұрғындарға құрбандықты өз үйлерінде шалу ұсынылады.
27 шілде 2020 ж. 244 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области