Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 29 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар

29 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық жолбарыс күні
Бұл дата 2010 жылы Санкт-Петербургта аталмыш жыртқыш жануардың популяциясын сақтап қалу мәселелері бойынша өткен «Жолбарыс туралы саммит» халықаралық форумында белгіленді. Оны өз жерлерінде жолбарыс мекендейтін 13 мемлекет қолдады.
1936 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің Қарағанды облысын бөлу туралы қаулысы шықты. Осы құжатқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы бөлініп шықты және Қарағанды облысының орталығы Қарағанды қаласы болып белгіленді.
1936 жылы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды. Орталығы - Қостанай қаласы.
1990 жылы Алматыдағы Медеу мұз айдынында «Азия дауысы» музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың бірінші халықаралық байқауы өтті. Бас жүлдені Өзбекстаннан келген «Карс» тобы жеңіп алды. 1993 жылы «Азия дауысы» халықаралық фестивальдар ұйымдастыру федерациясына (ФИДОФ) мүшелікке қабылданды.
«Азия дауысы» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары: 1990 - «Карс» тобы (Өзбекстан), 1991 - Женева Круз (Филиппин), 1992 - Шехназ (Түркия), 1993 - Сара (Моңғолия), 1994 - Суави (Түркия), 1995 - Барт Бисли (АҚШ), 1996 - Бауыржан Исаев (Қазақстан), 1997 - «Эй-би-3» тобы (Индонезия), 1998 - Лука Сепе (Италия), 1999 - Манана Джапаридзе (Әзербайжан), 2000 - Моника Агел (Румыния), 2001 - Ладин Роксас (Филиппин), 2002 - Сити Нурхализа (Малайзия), 2003 - Сю Ян (Қытай), 2004 - Нико (Румыния).
Аталған байқауға арналған «Алтын домбыра» жүлдесін алғашқы жылдары Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиева, 1997 жылы Роза Рымбаева жеңіп алды.
1993 жылы Алматыда халықаралық мәртебесі бар 20-дан астам қоғамдық ұйымдарды біріктірген «Жаңа келісімге» форумы құрылды.
29 шілде 2020 ж. 142 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области