30 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар
Күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады. Жаңа датаны бекітуге идеологиялық негіз - Мәдениет және бейбітшілік саласындағы іс-қимыл декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған бүкіл ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық болды.
БҰҰ мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдарға бұл күнді әр елдің дәстүрі негізінде атап өтуді ұсынды. БҰҰ-ның қарарында әртүрлі халықтар арасындағы достықты нығайту аса ерекше атап өтілген.
Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні
2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітті.
1925 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің штатына мұрағатшы лауазымының енгізілуімен Павлодар облысында архив мекемелерінің тарихы бастау алды. Облыс архивтерінде облыстың түрлі мекемелеріне және жеке тұлғаларға қатысты 1 миллион 100 мыңға жуық құжат сақтаулы. Жеке тұлғаларға қатысты құжаттар 1823-2007 жылдар аралығын қамтиды.
1937 жылы Шығыс Қазақстанда «Рубцовск-Риддер» теміржол учаскесі бойынша қозғалыс ашылды.
1954 жылы Қытайда Іле қазақ автономиялық ауданының негізі қаланды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Кабо-Верде Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Шығыс Уругвай Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.