Қызылордада карантин тәртібін бұзудың 41 дерегі анықталды

Өңірде карантин талаптарын бұзудың 41 дерегі анықталып, жинақталған құжаттар құзырлы органдарға тапсырылды. Бұған қоса, карантин кезіндегі өзекті мәселенің бірі дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз өсіру. Дәрілік заттарды тексеру барысында өнімдерді заңсыз сатудың 1 фактісі анықталса, дәрінің бағасын негізсіз көтерген 49 жағдай тіркелді.
«Сонымен қатар, тағы бір проблемалық мәселе – карантин уақытында тыйым салынған жерлерде суға шомылу. Осы ережені бұзған 8 дерек анықталды. Карантиндік шектеулер енгізілген уақыттан бастап 20 адам суға батып қайтыс болса, оның 8-і кәмелет жасына толмағандар.Су жағалауында карантиндік ережені бұзумен қатар, ішімдік ішкені үшін 5 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Облыс тұрғындарын карантин режимінде белгіленген талаптарды сақтауға, қоғамдық ортада, көпшілік жиналатын орындарда бетперде тағып жүру, арақашықтықты сақтауға шақырамыз»,-деді Шамшидин Егенбердіұлы.
«Құрбан айт» мерекесі күндері полиция қызметкерлері облыста орналасқан мешіттер мен мал сату және арнайы мал сою орындарын бақылауға алып, карантин режимін бұзғандарға тиісті шаралар қабылдайтын болады.
