Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Nur Otan»: Жұмыссыздар жұмыспен қамтылуы тиіс

«Nur Otan»: Жұмыссыздар жұмыспен қамтылуы тиіс

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бағдаулет Мақашов бастаған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында облыстық филармония ғимаратына қосалқы құрылыс жұмыстарына зерделеу жүргізді. Құрылысқа облыстық бюджеттен 262,4 млн тенге қаржы қарастырылған.

Филармония аумағындағы саябақты сақтап қалу мақсатында қосымша құрылыс нысанының орны өзгертілген, соған сәйкес жоба-сметалық құжаттарына тиісті өзгерістер енгізіп, сараптама қорытындысын алу жұмыстары жасалып жатқаны анықталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтамай жүргізілуде.

Құрылыс осы жылдың мамыр айынан басталған жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша құрлысқа 66 жұмысшы тартылу көзделген, алайда қазіргі таңда 13 жұмысшы жұмысқа қабылданып жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.

Партиялық бақылау комиссиясы орын алған кемшіліктерді, құрылысты толық бастап кету үшін құжаттарды рәсімдеуді жеделдетуді және жұмыссыз жүрен азаматтарды жұмысқа тарту туралы ұсыныстар берді.
19 тамыз 2020 ж. 133 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области