Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қалампыр Аяғанова: Мейірбике ісі – ең жауапты жұмыс

Қалампыр Аяғанова: Мейірбике ісі – ең жауапты жұмыс

Kyzylorda-news.kz. Мейірбике ісі – ең жауапты әрі қиын сондай-ақ адалдықты қажет ететін маман иесі. Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері. Осынау ізгі жандардың науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай.
Міне, осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан жанның бірі №3 қалалық емхананың акушер мейірбикесі Қалампыр Аяғанова.
30 жылдан астам осы салада еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтынын айтады. Ол үшін алдымен ана мен баланың өмірі маңызды. Мейірбике алдына келген емделушінің көңілін аулап, жылы сөзбен ем жасау әрбір ақ халатты абзал жанның міндеті болуы тиіс деп санайды. Міне, содан кейін, жасалған ем-домның да нәтижесі жақсы болатынын айтады. Дәрігер нұсқауы бойынша науқастарға ем жасайтын жан уақытпен санаспай, күн-түн демей осы жұмысты ұзақ жылдардан бері абыроймен атқарып келеді. Ол медицина саласын жан-жүрегімен таңдаған.
«Бұл салада өз мамандығын сүйетін адам ғана жұмыс жасау қажет. Себебі мамандыққа адалдық ол басты міндет. Жұмысты махаббатпен, тиянақты орындаған кезде одан нәтиже болады», – дейді Қалампыр Әлиқызы.
Үнемі кіші буынға өз білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісіп отырудан жалыққан емес. Ақ халатты абзал жанға ана мен бала денсаулығын нығайту және жақсарту жолында атқарып жатқан еңбегіңізге табыс тілейміз.
24 тамыз 2020 ж. 262 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области