Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Наурызбай Байқадамов: Мемлекеттің мүлкін таратып бере алмаймыз

Наурызбай Байқадамов: Мемлекеттің мүлкін таратып бере алмаймыз

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімдігінің алдына жиналған көп балалы аналар балаларының қашықтықтан білім алуына дайындық жоқ екенін айтуда. Олар биліктен қаржылай қолдау сұрап отыр. Тіпті оқуға қажетті техникаларды, уақытша емес, «басыбайлы беріңдер» деп талап қойды.
Әдетте әкімдік қоршауынан әрі асырмайтын шенділер, жиналғандарды автобусқа отырғызып алып кетті. Полицияға емес, жақын маңдағы мектепке апарып, жиын өткізді. «Тұрмыстың тауқыметінен титықтадық» деген аналар биліктен қаржылай қолдау сұрап отыр.
«Әр балаға отыз мыңнан берілсін. Оқу құралдарына. Бізге киім-кешегі керек емес. АСП-ның продуктысын беріп жатыр. Адам жейтін нәрсе емес. Тек сүтін ғана ішіп жатқан шығармын»,- дейді көп балалы ана Жадыра Салыбаева.
Аналарды алаңдатқан жайт жалғыз бұл емес. Жаңа оқу жылы басталуына санаулы күн қалса да, қашықтықтан оқуға қажетті техникалар қолымызға тимеді, – дейді олар.
Компьютер, планшетті қайтарымды қылып беріп жатыр. Соны бізге қайтарымсыз қылып берсін. Қыркүйектің 10-на дейін белгілі болады деді. Оған дейін балаларым сабаққа бармайды.
Базыналы халықты облыс әкімінің орынбасары өзі тыңдады. Ол барлығы заң шеңберінде шешілетіндігін айтып, талаптарының орынсыз екендігін ашық айтты.
«9400-дің үстінде мектептің компьютерлері таратылып беріледі. Оған жұмыс жүріп жатыр қазір. Сонымен бірге республикалық бюджеттен 22 мың 800-дің үстінде электронды құрылғылар алынатын болады. Соны қайтарымсыз беріңдер дейді. Ол мемлекеттің мүлкі біз оны таратып бере алмаймыз. Өйткені біз мемлекеттің заң алдында жауап беретін боламыз.Облыстық білім бөлімінің мәліметінше, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тоқсан пайызы қажетті техникамен қамтылған. Одан өзге демеушілер есебінен де жүздеген бала құрылғыға қол жеткізіпті. Ал дау тудырған жағдайы төмен отбасының балаларына берілетін заманауи құралдар бір айдың көлемінде иелеріне табысталады деп сендірді», – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

25 тамыз 2020 ж. 141 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области