Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жүргізілуде

Қызылорда: Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Өңірде Армения Республикасынан әкелінген 447 көлік тіркелген. Оның 116-ның басқару жүйесі оң жақта орналасқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов мәлімдеді.
«Елімізге әкелінген басқару жүйесі сол жақта орналасқан көліктерді тіркеуге қою жұмыстары жүргізілуде. Көлік құралдарын тіркеу үшін басқару жүйесі оң жақтан сол жаққа ауыстырылғандығы жөнінде арнайы мекемелерден көлік құралдарының конструкциясына енгізілген туралы растайтын куәлік алу керек. Көрсетілген куәлікті алу үшін көлік құралдарының жарық шамдарының, әйнек тазалағыштарының трапециясының ауысуы, жүргізуші орындығының жоғары, төмен реттелу мүмкіндігі және басқару жүйесінің тартпасы ауысу қажет. Куәлікті Алматы және Қостанай қалаларында алуға болады.Сондай-ақ, басқару жүйесі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көлік құралдарының тіркеу мерзімінің ұзартылуы Ішкі істер министрлігімен қарастырылуда. Бұған қоса, 1-ші қыркүйектен кейін Армениядан әкелінген көлік құралдарын кеден баждары мен ҚР Салық кодексіне сәйкес төленетін барлық алымдар мен төлемдер жүргізілгеннен соң тіркейді»,-деді Шамшидин Егенбердіұлы.
26 тамыз 2020 ж. 142 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области