Жалағаш ауданында егінге орақ түсті

Шара барысында Асылбек Өмірбекұлына ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы даму көрсеткіштері таныстырылды.

Жалпы биыл аймақта барлығы 36 731 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 21 600 гектар.
«Күріш біздің елдің, Сыр бойының негізгі байлығы. Ендігі мәселе осы байлықты шашпай-төкпей ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату. Бұл үшін барлық жағдай бар. Егін жинауда техника қашанда шешуші рөл атқаратыны белгілі. Биылғы егін жинау науқанына барлығы 994 дана техника қатысады»,-деді аудан әкімі Асылбек Шаменов.
Сонымен қатар, аудан басшысы сала еңбеккерлерімен кездесіп, ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктері үшін алғыс білдірді.

Шаруашылық тек күріш егіп қана қоймай мал азығындық дақыл – жоңышқа да өндіріп келеді. Құрылымда 115 адам тұрақты жұмыс істейді.
