Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қолды бүгіп жазудан онлайн сайыс өтті

Қызылордада қолды бүгіп жазудан онлайн сайыс өтті

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай қоссырықта қолды бүгіп жазудан (отжимания на брусьях) ерлер арасында Қызылорда облысының жекелей жарысы өтті.

Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен онлайн жүйеде алғашқы мəрте өткізілген жарысқа 18-23 жəне 24-29 жас аралығында 23 спортшы бақ сынасты.

Сайыс нəтижесінде Арал ауданының спортшылары мықтылықтарын дəлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, 18-23 жас аралығында аралдық Данияр Кеңесов І орынды жеңіп алса, ІІ орынды жаңақорғандық Қанжарбек Əбділдаев, ІІІ аралдық Рауан Амангелдиев иеленді.

24-29 жас аралығында Арал ауданының спортшысы Ғазиз Бектұрсын чемпион атанса, жалағаштық Ербол Ерғалиев ІІ орынды, аралдық Ақберен Қуандықов ІІІ орынды еншіледі.

Жеңімпаздар медаль және дипломдармен марапатталды.




28 тамыз 2020 ж. 213 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области