Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданында электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды

Қазалы ауданында электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Соның бірі Әйтеке би кентіндегі «Аймақаш» мөлтек ауданынан жаңа тұрғын кварталдарды инфрақұрылыммен (газ, ауыз су, электрмен жабдықтау) қамтамасыз ету жұмыстары болатын. Бүгінгі күні аталған аймақта электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталып, түнгі жарықшамдар самаладай жарқырап тұр.

Қазіргі таңда ауыз су және газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Жылу – ХХІ» ЖШС қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған соң, 115 жер учаскесі ашылып, халықтың игілігіне пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, «Жол картасы» бағдарламасының негізгі мақсаты жұмыссыздықтың алдын алып, халықты еңбекпен қамту болатын. Осыған сәйкес «Аймақаш» мөлтек ауданынан жаңа тұрғын кварталдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту орталығынан 25 адам жұмыспен қамтылды.
03 қыркүйек 2020 ж. 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области