Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жазасын өтеушілер оқуға қабылданып жатыр

Қызылордада жазасын өтеушілер оқуға қабылданып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде онлайн режимінде шара өтті. Мекемедегі сотталғандар арасында кәсіптік маман иесі атанғысы келген 75 азамат 2020-2021 оқу жылына үш мамандық бойынша (ағаш ұстасы, тігінші, газэлектрдәнекерлеуші) өтініш білдірген болатын.

Осы азаматтарға М.Ықсанов атындағы «Қызылорда құрылыс және бизнес» және «Қызмет көрсету және сервис» колледжінің оқытушылары алғашқы дәрісті онлайн түрде өткізді. Сотталған азаматтарды жаңа оқу жылымен құттықтаған колледж оқытушылары білім алушыларға сәттілік тіледі.

Алдағы уақытта осы азаматтар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, интернет желісі қосылған арнайы кабинетте онлайн режимінде білім алады.
03 қыркүйек 2020 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области