Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балалар қай жастан кейін коронавирусты жылдам таратады?

Балалар қай жастан кейін коронавирусты жылдам таратады?

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қашықтан білім беру форматын енгізудің негізгі себептерін атады.
«Біріншіден, наурыз айынан бері елімізде карантин мен адамдардың қарым-қатынасын барынша азайту шаралары қолға алынса да, 2 418 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың 98 проценті жазылып шықты. 34 бала әлі емделіп жатыр. Демек, жабық ұжымдардың ішінде инфекция таралу деңгейі жоғары», – деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, 12 жасқа дейінгі балалар инфекцияны көп таратпайды. Дегенмен, ондай оқиғалар бар. Ал 12 жастан асқан балалар вирусты тез таратады. Ондайда отбасы мүшелеріне, әсіресе, үлкен адамдарға қауіп төнеді. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі және қашықтан оқыту форматын енгізудің екінші себебі.
«Үшіншіден, мектептерде термометрия, арақашықтық, бетперде тағу, балалардың қозғалысын шектеу, сыныптағы оқушылар санын азайту сияқты шаралар қолға алынса да, бұның барлығын қатаң сақтап жүру оңай емес. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын ұзақ уақыт бір жерде ұстау қиын. Ал жабық нысандарда адамдар көп жиналса, вирустың таралу қаупі күшейеді», – деп атап көрсетті Цой.
10 қыркүйек 2020 ж. 116 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области