Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңа акция басталды. Әкімдер жалақыларын ашық жариялауы қажет

Жаңа акция басталды. Әкімдер жалақыларын ашық жариялауы қажет

Kyzylorda-news.kz. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Республикалық «Жемқорлық біз үшін емес!» акциясы басталғанын хабарлады.
Шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік мекемелердің басшыларын парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру.
«Осы акциямен біз бірінші басшылардың назарын аударғымыз келеді, сондықтан олар өз қызметкерлерін заң бұзбауы үшін жасалған қателіктерден сақтандыра алады. Өйткені, әр басшы өзінің жеке жауапкершілігін түсінуі керек. Акция аясында облыс, қала, аудан әкімдері, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың облыстық мекеме басшылары өз қызметінің ашықтығын көрсетіп, жалақылары туралы ақпараттарын жариялауы қажет. Акция қорытындысы бойынша әкімдер мен басшыларға баға берілетін болады. Бұл басшылықтың халық дауысын қаншалықты ашық еститінін ескеру қажет», – дейді кеңсе қызметкерлері.
Бағалау тұрғындар арасында сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.
Акция 9 желтоқсанға дейін жалғасады және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ең тиімді басшылар атап өтіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізбеген басшыларды анықтау қажет» деп атап көрсеткен болатын.
14 қыркүйек 2020 ж. 138 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области