Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жастардың стартап жобалары талқыланды

Қызылордада жастардың стартап жобалары талқыланды

Kyzylorda-news.kz. «Байқоңыр» ӘКК » АҚ бастамасымен облыстық жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «Жастар орталығы» ғимаратында «Kyzylorda Business Hub» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастар жобаларының презентациясы өтті.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Н.Тілешев, мүдделі органдардың, сондай-ақ қаржы институттарының басшылары қатысты.
Кездесуде өндіріс және қайта өңдеу саласындағы старт-ап жобалар, халыққа қызмет көрсету бойынша қызметтер, жылжымалы оттегі станциясын ұйымдастыру, күнбағыс майын өндіру, ұңғымаларды бұрғылау бойынша қызметтерді ұйымдастыру, денсаулық клубын ашу және т.б. ұсынылды.
Кездесу барысында мүдделі қаржы институттары қаржыландыру бойынша қолдауды, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беруді, сондай-ақ өтеусіз грант беруді қажет ететін старт-ап жобалар пулын іріктеп алды.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Н. Тілешев қаржы институттары мен мемлекеттік органдарға жастардың бастамаларын қолдау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Айта кету керек, «Байқоңыр «ӘКК» АҚ алаңында осындай бастамашыл жобаларды қарау бойынша кездесу екінші рет өтіп, тұрақты негізде өтетін болады.
22 қыркүйек 2020 ж. 135 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области