Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жол ережесін бұзған 38 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Бұл азамат 2 жыл бұрын 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіріп отыр.
«Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.