Жемқорлықпен күрес – маңызды басымдықтың бірі
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы, Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада және облыс әкімінің орынбасары Ахмет Серік Әбжәліұлы облыс активімен кездесу өткізді.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Әбжәліұлы өңірімізде сыбайлас жемқорлық профилактикасына күн санап баса көңіл бөлінуде екендігін атап өтіп, облысымыздағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндама жасады.
Кездесу барысында Ғанижан Асанұлы –бүгінгі таңда қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор екендігін атап өтіп, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтардың төмендеуі бұл – экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты болып табылатынын атап өтті. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық көріністерінің ең алғашқы сатыларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс қызметі қалыптасуда. Сондай-ақ облыс орталығында және облыстың барлық аудан орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік моделі енгізілгенін атап өткім келеді.
Сонымен бірге, Ырза Тұрсынзада – адалдық, адамгершілік, шыншылдық, тазалық принциптерін ұстануға шақырып, парасатты қоғам құруға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет екендігін хабарлады.
Мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.