Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр

Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерін жүзеге асыруға ерекше мән берілген.

Арал өңірінің бірегей мәдени құндылықтары әлемдік өркениет қазынасына енді. Ата-бабамыздың баға жетпес тарихи-мәдени мұрасын егжей-тегжейлі зерделеп, сақтап, ұрпаққа жеткізу – маңызды міндет. Осы мақсатта 2020 жылы алты ежелгі тарихи ескерткішке – Бәбіш мола, Сортөбе, Жанкент, Сығанақ, Қышқала және Асанас қалаларына археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Соңғы жылдары бұл қалаларда археологиялық зерттеулермен қатар олардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазба жұмыстары барысында республикалық маңызы бар Жанкент және Сығанақ ескерткіштерінің қорғау аймақтары анықталып, стелалар орнатылды. Археологтар қалашықтардың қорғаныс қабырғалары мен мұнараларын, тұрғын үй-жайларды және басқа да құрылыс құпияларын ашты. Бастысы тарихи орындардың маңызды нысандары сақталды. Қазба жұмыстары барысында ерекше құнды мәдени кешен табылды. Орта ғасырларға жататын алтын әшекейлер, моншақтар, қыш ыдыстар, монеталар, сүйектен жасалған бұйымдар және басқалары археологтардың зор табысы болды.

Арал өңірі аумағындағы қазба жұмыстары кезінде табылған барлық экспонаттар облыс мұражайларының қорларында мұқият сақталды.
09 қараша 2020 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области