Қызылордада мал ұрлығын кәсіп қылған екі тұрғын сотталды

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде ұсталған екі күдіктінің қылмыстық іс-әрекеттері толық дәлелелін тауып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданған.
«Жаңақорған аудандық сотының үкімімен бір айыпталушыға 5 жыл, оның серіктесіне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.