Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 57 млн теңгені қолды еткен тұрғын сотталды

Қызылордада 57 млн теңгені қолды еткен тұрғын сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қаржы пирамидасын құру арқылы халықтан 57 млн теңгеден астам қаржыны қолды еткен тұрғын сотталды.Бұл оқиға өткен жылдың ақпан айында болған. Қызылорда қаласының тұрғыны «WhatsApp» желісінде «Миллион инвест» чаты арқылы қаржылық пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Ол алаяқтық әрекетін бірнеше рет қайталап, аса ірі мөлшердегі 57 млн теңгеден астам ақшаны қалтаға басқан. Осылайша ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
«Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Онда қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету жағдайы көрсетілген. Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің, олардың біріккен жүйелі жұмыстары өз нәтижесін берді. Күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толық дәлелденді. Нәтижесінде қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде күдікті өзі жасаған қылмыстық іс әрекетін толық мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге өндіруде», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Қызылорда қалалық №2 сот шешімімен айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен оған жәбірленушілерге келтірілген шығын заңмен белгіленген тәртіппен өтеу міндеттелді.
30 қаңтар 2020 ж. 228 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области