Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр еліндегі Жастар театры 23 қойылым сахналады

Сыр еліндегі Жастар театры 23 қойылым сахналады

Kyzylorda-news.kz. Пандемия кезеңінде Сыр еліндегі Жастар театры онлайн форматта жұмысын жалғастырды. Театр ұжымы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арнайы онлайн өлең оқу эстафетасын, «Ұлттық ғашықтар» күні мерекесіне орай онлайн мәдени іс-шаралар ұйымдастырды. Ал, Отбасы күніне орай, қысқа метражды фильм түсіріп, көрермен назарына ұсынды.

Ең алғаш 2016 жылы құрылған Жастар театры өткен жылы 23 қойылым сахналап, көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Аз ғана уақыт ішінде көптеген республикалық фестивальдер мен конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанған театр ұжымы Қарағанды облысында ұлы ақынның 175 жылдығына орай өтіп жатқан «ТТТ» республикалық онлайн театрлар байқауында Оңталап Нұрмахановтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» атты қойылымын ұсынды.

Театр әртістері пандемияға дейін Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарына және Шымкент қаласы Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрында «Қыз қасқыр» атты қасіретнамалық қойылымымен гастрольдік сапарда болып, қалың жұртқа рухани азық сыйлады.
11 қараша 2020 ж. 154 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области