Жоғалып кеткен қызылордалық Тараз қаласынан табылды

58 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы арыз полицияға 2020 жылғы 5 қарашада келіп түскен. Дереу іздестіру жұмыстары басталып, жоғалған азаматтың суреті бар бағдар Қазақстанның барлық өңірлеріне жіберілді.
Хабар-ошарсыз кеткен азаматты іздеуге ауданның еріктілері де атсалысты. Қарқынды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шиелі аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері хабарсыз кеткен азаматты Тараз қаласы Айша бибі ауылынан тапты.