Қызылордада жыл соңына дейін 74 тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жүргізу үшін 4,8 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржыға облыс бойынша 19 жоба жүзеге асырылуда. Яғни, жыл соңына дейін 13 жобаның құрылысы толық аяқталып, жаңа жер учаскелеріне 145,8 шақырым инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілетін болады,- деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов.