Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада су басу қауіпі бар 15 учаске жөнделуде

Қызылордада су басу қауіпі бар 15 учаске жөнделуде

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында су басу қауіпі бар Сырдария өзенінің 73,8 шақырымды құрайтын 15 учаскесі жөнделуде. Қазіргі таңда 8 аумақтың қорғаныс бөгеттері нығайтылып, арнасы тазартылды. Қалған жетеуінде жұмыстар жалғасуда.

«Облыста су тасқыны болған жағдайда 156 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 84 эвакуациялық жинақтау және 101 қабылдау пункті дайын. Сондай-ақ, су басу қаупі бар аймақтар учаскелерге бөлініп, оған 126 мекемеден 411 арнайы техника және 1269 адам бекітілді. Бұған қоса, Шардара су қоймасынан жіберілген суды облыс аумағынан қауіпсіз өткізу мақсатында өзендегі судың деңгейі мен ауа райы күнделікті бақыланып, Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстары жүргізілуде», – деді облыстық ТЖД бөлім басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Әшімов.
25 қараша 2020 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области