Қызылордада балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылды

Сонымен қатар, он сегіз жасқа толмаған 1 бала темекі сатқан. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын сақтамаған 7 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды.
«Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар(ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы) 10 дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) 151 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шаралар көрілді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.