Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР чемпионатында қызылордалық спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетті

ҚР чемпионатында қызылордалық спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетті

Kyzylorda-news.kz. Қостанай қаласында грепплинг және грепплинг гиден ересек ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында қызылордалық спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетті.

Қаладағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының спортшылары ел біріншілігінде 4 алтын, 1 күміс, 9 қола медалді иеленіп, жалпы командалық есепте 17 құраманың арасында 3 орынға жайғасты.

Әлем мықтыларымен түрлі додаларда шеберлік сынасып, тегеурінді текетіресіп, ел мерейін асырып жүрген Ғани Әділсерік Қазақстан чемпионатында қарсыластарына дес бермей, шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, тұғыр биігіне көтерілді. Ал әйелдер арасында боз кілемге шыққан жерлесіміз Руза Дуктурбаева грепплингтің екі түрінен де жеңімпаз атанып, қос алтынмен қоржынымызды молайтса, өз салмағында шеберлігімен дараланған Арайлым Ханзада да алтын медальді иеленді. Осылайша Бақыт Ташимов жаттықтыратын бұрымдылар 3 алтын медальды қоржынға салып, Қазақстан Чемпионы атанды.

Жарыстағы жалғыз күміс жүлдені ерлер арасында сынға түскен Данияр Абубакиров қанжығаласа, 9 жерлесіміз біріншіліктің қола жүлдегері болды. Айта кетейік, Сыр спортшыларын шыңдап, ел чемпионатына дайындаған білікті бапкер, грепплингтен облыстың аға жаттықтырушысы Арман Маделханов.
07 желтоқсан 2020 ж. 122 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области