Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Парасатты отбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Қызылордада «Парасатты отбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Kyzylorda-news.kz. М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде Білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірлесуімен «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, департаментінің басшысы Ардақ Ерсейітов, білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қатысып, отбасы құндылығының маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Байқау отбасындағы парасаттылық құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды өскелең ұрпақтың бойына бала кезден қалыптастыру мақсатын көздейді.

«Парасатты отбасы» байқауының ІІІ орын иегері Арал ауданынан Әбдіжалеловтер отбасы иеленсе, ІІ орын Шиелі ауданынан Абдурахмановтар отбасына бұйырды. Ал, І орын Қазалы ауданы, Асқаровтар отбасы лайық деп танылды. Сонымен бірге бірнеше отбасы арнайы номинациялармен марапатталды.
09 желтоқсан 2020 ж. 241 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области