Шиелі ауданында МӘМС аясында 227 тұрғын оңалтудан өтті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының оңтүстік аудандарының бірінің тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтерді белсенді пайдаланады. Жыл басынан бері 227 тұрғын Шиелі ауданаралық ауруханасында оңалту қызметтерін тегін алды.
Алты жыл бұрын Гүлсара Есетова апатқа ұшырады. Мүгедектер арбасы, қалпына келтірудің қиын кезеңдері артта қалды. Сол жылдары әртүрлі қымбат медициналық қызметтерге көп қаражат жұмсалды, деп еске алады Гүлсара. МӘМС жүйесін енгізумен сақтандырылған азаматтар үшін, оның ішінде жеңілдікті санаттар үшін медициналық қызмет түрлері айтарлықтай кеңейді.
«Мен жұмыссызмын, III топтағы мүгедекпін, сақтандырылғанмын. Мемлекеттің өз азаматтарына қамқорлық жасайтыны қуантады. Бұрын қажетті оңалтудан өту үшін Нұр-сұлтан, Алматы қалаларына баруға тура келетін. Енді бұл медициналық қызметтер өз аумағында қол жетімді. Қазір маған едәуір жақсардым, таяққа сүйеніп жүремін», – дейді Гүлсара Есетова.
Бестам ауылының тұрғыны Күлбибі Нұржанованың аяғынаң жарақат алды. МӘМС жүйесінің арқасында Алматыда тегін ем алды. Енді Шиелі ауданаралық ауруханасында оңалту емінен өтіп жатыр.
«Мен тайып, аяғыма ауыр жарақат алдым. Травматолог, учаскелік дәрігер емделуге, содан кейін оңалтуға жіберілді. Маған зертханалық қызметтер, рентген, КТ, емдік дене шыныктыру, электрофорез, массаж тегін беріледі. Мен МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын, өйткені ай сайын 2 125 теңге мөлшерінде жарна төлеймін. МӘМС жүйесіне ризамын, өйткені бұрын бұл медициналық қызметтердің бәріне бірдей қол жетімді болған жоқ», – деп атап өтті Күлбибі Нұржанова.
Жыл басынан Шиелі ауданаралық ауруханасының 227 пациентін қалпына келтіру еміне Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 48 320,7 мың.теңге бөлінді.