Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды штабының өкілдері Қызылорда облысына келді

«Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды штабының өкілдері Қызылорда облысына келді

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысына келді.

Олар білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұжымымен, жастармен және басқа да азаматтармен жүздесіп, ұзын саны 15-ке жуық кездесу өткізді.

Сонымен, өңірдегі кәсіпкер әйелдермен кездесу барысында билеуші партияның таяудағы 5 жылға арналған сайлауалды бастамалары әңгіме арқауына айналды.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуде елдегі демократияның өрістеуіне жол ашатын жауапты азаматтық қоғамды дамыту мәселелері көтеріліп, осы бағыттағы бірқатар ойлар ортаға салынды.

Осыған байланысты нұротандықтар елдегі өзекті мәселелерді бірлесе шешу мен мемлекетті дамыту ісіне азаматтық белсенділерді қарқынды түрде араластыруды жоспарлауда.

Жалпы, өңір халқымен кездесуде ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, аграрлық саланы дамыту жайы да көтеріліп, жан-жақты талқыланды.

21 желтоқсан 2020 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области