Қаһар Дадашев: Қызылордалықтар бұл маңызды науқанға қызу түрде атсалысады деп сенеміз

Келер жылдың 11 қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі конститутциялық құқықтарын пайдалана отырып, Ассамблеяның 9 кандидатын ел Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ұсынған болатын.
Осыған орай, сайлауға қатысушы отандастарымды толықтай қолдаймын. Үміткерлер елімізге еңбегі сіңген, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді насихаттап, дамыту жолында жүрген азаматтар деп санаймын.
Біз бүгін ашық аспан астында бейбіт ғұмыр кешіп келеміз. Бұл біздің басты табысымыз. Бұл сайлау ертеңгі күнге деген сенімділік пен тұрақтылықтың, қоғамдағы татулық пен келісімнің кепілі деп білеміз.
Қызылордалықтар бұл маңызды науқанға қызу түрде атсалысады деп сенеміз.
Қаһар ДАДАШЕВ,
Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі.