Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Алқалы кеңеске аймақ басшылары – ҚХА төрағалары онлайн режимде қатысты.

Күн тәртібінде Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздігін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі қарастырылды.

Шара барысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, ел бірлігі мен ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың хатшысы Қылышбай Бисеновке «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Сондай-ақ отырыста ҚР Конституциялық заңының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 87 бабы және ҚР Заңының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 10 бабына сәйкес, ҚХА Кеңесі Ассамблеядан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Ассамблеядан сайланатын 9 үміткерді ұсынды.
11 желтоқсан 2020 ж. 137 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области