Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада киік атқандар ұсталды

Қызылордада киік атқандар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік ату дерегі орын алды.

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында бүгін түнгі сағат 03-20 шамасында Төретам кентінен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолына шығатын жолда Лада Ларгус» маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан 4 бас киік табылды. Бұдан бөлек, жүк салғыштан 1 қоян, 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер айғақ зат ретінде алынды.

Киік атқан 2 күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339 бабы 2 бөлігінің 2 тармағымен (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
05 қаңтар 2021 ж. 127 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области