Қызылордада алимент төлеуден жалтарған 106 адам анықталды
Kyzylorda-news.kz. Борышкерлерді, алимент төлеуден жалтарғандарды және туыстық қатынасын жоғалтқандарды анықтау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі бөліністерімен бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 12 айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерімен алимент төлеуден жалтарған 126 тұлғаға іздеу жарияланып, оның 106-сы анықталды.
Сонымен қатар мемлекетке борышкер 33 адамға іздеу жарияланып, оның 30-ның тұрғылықты мекен-жайы анықталды.
2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда ҚПБ көші-қон қызметі бөлімімен іздеуде жүрген бір азамат Алматы қаласынан, бір азамат Нұр-Сұлтан қаласынан табылды.

























