Динара Жаңабергенова: Бүгінге дейін 26 оқушы COVID-19 ауруына шалдықты
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша COVID-19 инфекциясының 3463 дерегі тіркелді. Тіркелген жағдайлардың 2,4 пайызы сырттан тасымалданған, 57,7 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған болса, 39,9%-ы қарым-қатынас арқылы жұқтырған.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен айлық нәрестеден бастап 99 жас аралығындағы азаматтардан анықталды. Оның ішінде, жоғарғы көрсеткіш 20 жастан 69 жас аралығында тіркелді. Дегенмен де 70-79 жас шамасындағы азаматтар арасында да байқалуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.
«Пандемия басталғалы облыс бойынша 2150 ошақ анықталып, барлығына қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Індетке қарсы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, облыста вирустық этиологиядағы пневмония ауруының 310 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, 7 жағдай қаңтар айында анықталды. Бұған қоса, бүгінге дейін 26 оқушы COVID-19 ауруына шалдықты. Бүгінде мектептер санитарлық талаптарды қатаң сақтауда,-деді Динара Олжабайқызы.
«Қазіргі таңда, 79 жедел жәрдем бригадасы халыққа қызмет көрсетуде. Мұнан өзге, 40 дана санитарлық автокөлік алынды. Жеке қорғаныш заттарының 2 айлық қоры жасақталды. 210 инфекциялық төсек-орын бар. Медициналық ұйымдарға санитайзерлер орнатылды. Індетпен күресте, оны жою жолында Антымызға адал еңбек ете бермекпіз. Ал Сіздерді әлі де болсын сақтық шараларын қатаң сақтап, індетпен күресуге жұмыла атсалысуға шақырамын», – деді облыстың бас дәрігері Сәбит Пазилов.